Нұсқабаевтар әулеті республикалық байқауда бақ сынайды
"Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен Нұсқабаевтар әулеті бүгін кешке Астанаға жол тартады. Абдолла ақсақалдың отбасы ұлттық байқаудың республикалық кезеңінде Ақтөбенің намысын қорғайды. 93 жастағы қария жұбайы екеуі он бала тәрбиелеп өсірген. 6 ұл, 4 қыздан қазір 31 немере, 22 шөбере сүйіп отыр. Шөберенің ең кішісі бүгін дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан, кейін 47 жыл Шалқар ауданында ұстаздық еткен Абдолла атай қазір төртінші ұлы - Қайраттың қолында зәулім үйде тұрады. Балаларының бәрі жақсы қызметте. Бірі жанұясымен дәрігер болса, енді бірі қаржыгер. Тағы бірі жеке кәсіпті дөңгелетіп отыр. Атай отбасылық бақыттың құпиясы - татулықта дейді.
Нұсқабаевтар әулеті "Мерейлі отбасы" байқауында жеңіске жетсін десеңіз, www.kaztube.kz сайтына кіріп, дауыс беру керек. 6284 нөміріне смс-хабарлама жіберіп немесе 8 803 080 00 04 нөміріне қоңырау шалыңыз. Дауыс беру ертең түнжарымда аяқталды. Астанада қыркүйектің онында өтетін ұлттық байқауға Нұсқабаевтар бір қауым болып аттанып барады. Марапаттау рәсіміне отбасының отыз мүшесі қатысады.
Количество показов: 2026
Дата создания: 07.09.2016 18:32:35
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>