«Нұрдәулет» СО жабылмайды
«Нұрдәулет» сауда орталығы жабылмайтын болды. Жағдайға облыстық кәсіпкерлер палатасы араласты. Жергілікті мемлекеттік органдармен және сауда орталығы басшылығымен жүргізілген келіссөздер кезінде үш тарап сауда нысанын жаппау туралы мәмілеге келді. Естеріңізге салсақ, кеше саудагерлер облыстық сот ғимараты алдында наразылық шарасын өткізген еді. Бұған соттың «Нұрдәулет» сауда орталығын уақытша жабу туралы шешімі себеп болды. Сауда үйінде өрт қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктер анықталған. |
Количество показов: 2182
Дата создания: 17.04.2014 18:40:07