«Нұрдәулет» СО уақытша жабылады
Қаладағы ең ірі сауда орталықтарының бірінің сатушылары айқай-шу шығарды. Өткен жылдың аяғында сот кемшіліктерді жойғанға дейін "Нұрдәулет" сауда орталығын уақытша тоқтату туралы шешім шығарған. Бүгін бір топ адам шағымдарын айтып, облыстық сот ғимаратының алдына жиналды. Олар облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының шығарған шешімімен келіспейді. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сауда орталығына жүргізген жоспардан тыс тексеруі кезінде анықтаған басты кемшілігі- осы. Бүгін сауда орталығының өкілдері және сатушыларымен кездесу кезінде қалалық ТЖ басқармасының басшысы Евгений Овчарский кемшіліктерді жіктеп тізбелеп берді. Оларды жоймаса- адам өміріне үлкен қауіп төнер еді дегенді алға тартты. Төтенше жағдайлар басқармасының талап арызы өткен жылдың желтоқсанында қанағаттандырылған. "Осы уақыт аралығында сауда орталығы басшылығы анықталған 15 кемшіліктің 9-ын ғана жойып үлгерді . Қалған алтауы әлі орындалмай отыр", дейді Евгений Овчарский. Айтып отырғаны- қабырғаларды жалынға берік материалдармен қаптап, су жүйесін ауыстыру. Баспасөз брифингіне қатысқан сауда орталығының заңгері маманның айтқандарымен ішінара келіспейтіндігін білдірді. Бүгін баспасөз брифингіне жиналғандар дау-дамай шығарғандарды осылай сабырға шақырды. Кемшіліктер жойылған соң, сауда үйі бұрынғысынша жұмысын жалғастырады деп сендірді. |
Количество показов: 2414
Дата создания: 16.04.2014 18:37:52