"Нұр-Ғасыр" мешітінің алдындағы жерасты өткелі ашылды
Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан қаладағы жалғыз жерасты өткелі 11 жыл бұрын салынған. Биыл жауын-шашынның көп болуына байланысты жерасты сулары көтеріліп, тізеден келетін су жиналған еді. Мердігер ұйымдар әр 5 сағат сайын суды сорғытып отырды. Алайда, су толастамай, қайта-қайта жинала берді. Тұрғындардың жүруіне мүмкіндік болмаған соң өткел уақытша жабылған болатын.
Количество показов: 808
Дата создания: 13.06.2022 18:03:49