"Нұр Ақтөбе" ықшам ауданына алғашқы тұрғындар қоныстанды
"Нұр Ақтөбе" жаңа ықшам ауданына алғашқы тұрғындар қоныстанды бүгін. Қала әкімі Ерхан Омаров салтанатты түрде 69 отбасына пәтер кілттерін табыс етті. Олардың тең жартысы биыл ғана бастау алған "Барлық санаттағылар үшін қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша үйлі болғандар. Оларға кейін сатып алатын қылып, пәтерлері жалға берілді. "Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі" талаптарын уақытылы орындағанына қарамастан тұрғындар пәтерлеріне кеш қоныстануда. Тоғыз қабатты №10 және № 11-ші үйлердің құрылысы 2012-ші жылы аяқталды. 607 пәтер пайдалануға дайын тұр. Бірақ, бүгін пәтер кілттері 69 отбасының ғана қолына тиді. |
Количество показов: 1766
Дата создания: 25.10.2013 18:46:22