"Музей түні" акциясы өтті
Бүгін халықаралық музей күніне орай облыстық тарихи - өлкетану музейі мен Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде "Музей түні - 2023" акциясы өтіп жатыр. Кешкі жетіде басталған шара түнгі он екіге дейін жалғасады. Акция аясында қазақы нақыштағы заманауи киім үлгілерінің сән көрсетілімі, патриоттық әндер караокесі ұйымдастырылып, әскери үлгідегі танкілердің шағын көшірмелері көрмесі, "Жәдігер жерде қалмасын!" көрмелері жұмыс жасайды.Халықаралық музей күніне орай Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінде жиналған көрерменге түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылған. Ұрыс даласынан әкелінген қару - жарақ түрлерінің, жауынгерлердің ас мәзірінің, жауынгерлік каскалардың көрмесі жасақталып, түрлі бағдарламар қалың көрермен назарына ұсынылды. Шарада патриоттық әндер шырқалып, викториналық сұрақтар қойылды. Сондай - ақ, автоматты шашып - жинаудан шеберлік сағаты өтті.Облыстық тарихи - өлкетану музейінде "Ертегілер елінде" фотозонасы жасақталған. Ғұн тайпаларының тұрмыс - тіршілігі туралы сыр шертіліп, қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызының шеберлік сағаты өтті.Айта кетейік, "Музей түні - 2023" мерекелік шарасына кіру тегін. Мұндай шара жыл сайын халықаралық музей күні ұйымдастырылып тұрады.Количество показов: 751
Дата создания: 19.05.2023 07:45:53