Мобильді аударымдарды реттеу туралы заңның жаңа нұсқасы қабылданды
Бүгін мобильді аударымдарды реттеу туралы заңның жаңа нұсқасы қабылданды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда. Бекіген заң бойынша бизнес саласында жүрген жеке кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін салық төлеуіне тура келеді. Енді мобильді аударымдар үшін де салық төлеуге тура келеді. Сенат осындай заң жобасын мақұлдап, Президент қол қойды. Құжатқа сәйкес, кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін жеке шот ашуға міндетті. Жаңа заңға «мобильді төлемдер» түсінігі енгізілген. Енді тұтынушылар алған тауарларының ақысын, кәсіпкерлер ашқан әлгі шоттарға жібереді. Банктер де салық органдарына қажет ақпарат беруге міндетті. Заң жобасын әзірлегендер пандемия кезінде отандастарымыздың дені мобильді аударымдар арқылы есеп айырысқанын негізге алған. Айтатындары одан түскен табыстан кәсіпкерлер салық төлемеген. Ал бұл көлеңкелі табыс болып есептеледі. Кәсіпкерлердің өздері бұл тікелей тексеріс-жекенің мүлкіне қол сұғу деп есептейді. Заң бойынша бір адамға бірнеше адамнан тұрақты түрде ақша аударымдары жасалып тұрса және ол бір аптаға, тіпті бір айға дейін созылатын болса, бірден салық ограндары қызметкерлерінің назарына түседі. Ондай кезде мамандар әлгі адамның немен айналысатынын жіті тексереді. Тіпті банктерден қажет ақпарат алу заңға қайшы келмейді.
2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алуға болады. Мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысу кезінде онлайн бақылау-кассалары машиналарын қолдану керек. Айта кетейік, жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымдарына салық салынбайды.
Количество показов: 563
Дата создания: 21.12.2021 19:53:57
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>