Микроқаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несие алушылар тізімі толықтырылды
Микроқаржы ұйымы кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін дамытуға несие береді. Сыйақы мөлшерлемесі барлығына бірдей, алты пайыз. Ескерте кететіні, микроқаржы ұйымы жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті сатып алу, несие бойынша берешекті қайта қаржыландыру, бар несиелерді өтеу бойынша жобаларды қаржыландырмайды. "Atameken Aktobe" микроқаржы ұйымы былтыр көктемде облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі бастамасымен құрылған. Бір жылда кәсіпкерлерден несиеге қатысты 239 өтінім түскен. Жүзге жуық жоба мақұлданған. 326 млн теңгеден астам қаржы жаратылған. Биыл микроқаржы ұйымдары арқылы жобаларды несиелендіруге республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлініп отыр.
Количество показов: 808
Дата создания: 11.02.2022 19:42:58