Металлургтер АЭС салу мәселесіне бей-жай қарамайды
Облыс аумағында жаңартылған қуат көздері жеткілікті. Бірақ бұл аймақтың электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан халықтық штаб мүшелері металлургтерге АЭС құрылысының маңыздылығын түсіндірді. Ядролық физика институтының ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов АЭС экологиялық таза қуат көзі -жасыл технологияның негізі екенін атап өтті. 2021 жылы Беларуссияда салынған АЭС құрылысын мысалға келтірді. Онда станция 65 млн текше метр су қорымен жұмыс істеп тұр. Ал, Балқаш көлінің су қоры 110 млрд текше метрді құрайды. Балқаш көлі суалып кетуі мүмкін деген болжамдар негізсіз. Көлдің суын да сол қалпында сақтап қала аламыз, дейді жас ғалым. Кездесуде кеншілер АЭС құрылысына қатысты барлық сұрақтарға жауап алып, елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды талқылады.Количество показов: 307
Дата создания: 27.09.2024 05:25:53