Мереке күндері 200 адам жарақат алды
Ақтөбелік дәрігерлерге тыным жоқ. Демалыс күндері облыстық аурухананың жарақат пунктіндегілер 200-ден астам адамға көмек көрсеткен. Әсіресе, мұзға тайып, белі мен аяғын сындырғандар көп. Қала тұрғыны үшін бүгінгі сәрсенбі сәтсіз басталды. Аялдамаға асығып жетіп, автобусқа қарай беттегенде, тайып жығылыпты. Желке тұсына соққы қатты тиген. Ауруханаға жеткенше, басы айналып, жүрегі айныған. Науқасты қарап шыққан соң дәрігер рентгенге түсуге жіберді. Бес күн демалыста ақ халаттылар дамыл таппады. Көңіл көтеріп, ішімдікке тойып, таяқ жеп, мұрны бұзылғаны бар, аяғы тайып құлағаны бар, көлік апатына түскені бар, бас-аяғы 200 адамға медициналық көмек көрсетілген. Жарақат пунктінің меңгерушісі Бағлан Рахметовтің айтуынша, көлік апаты да жиілеген. Жол-көлік апатынан зардап шеккен 12 адамға көмек көрсетілген. Мереке күндері ащы судан ұрттап, аязда қалып, аяқ-қолын үсіріп алғандар да бар. Бір адам оқ жарақатын алған. Бытыра 19 жастағы жігіттің иығына тиген. Абырой болғанда, дін-аман, дәрігерлік көмек көрсетілген. Қазір теміржол ауруханасында ем алып жатыр. |
Количество показов: 1996
Дата создания: 18.12.2013 19:03:04