Менің атаулы ағашым
Шығанақ Берсиев атындағы аграрлық техникалық колледжінде білім алып жатқан 20 студент бүгін қалалық сүт зауыты ауданында орналасқан әлеуметтік нысан - қарттар үйінің ауласына көктерек бұталарын егіп, суарды. Барлығы 30 түп ағаш отырғызылды. Шараға атсалысып жатырған студенттер - "Жасыл ел" еңбек жасағының құрамында жұмыс істейтін жастар. "Жасыл ел" жастары жыл сайын қаланың әр түрлі саябақтары мен көшелеріне 2 мыңға жуық ағаш бұталарын отырғызады. Биыл да бұл дәстүр жалғасын табады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жасақ студенттері жалпықалалық сенбіліктерге белсенді атсалысып, қала тазалығына да өз үлестерін қосып жүр.Количество показов: 301
Дата создания: 25.04.2024 05:05:00