Мемлекеттік қызметкер мен мектеп директоры арасындағы дауға нүкте қойылды
Мемлекеттік қызметкер мен мектеп директоры арасындағы дауға нүкте қойылды. Ешкім ешкімнің алдында кінәлі емес болып шықты. Облыстық сотта бүгін апелляциялық шағым қаралған болатын. Мемлекеттік қызметкерге жала жапты деген мектеп директоры айыппұлдан босатылды.
Бүгін облыстық сотта тараптарға қайта сөз берілді. Д. Қонаев атындағы орта мектеп директоры Абзал Тәжімішов мемлекеттік қызметкерге жала жабу ниетім болған емес, дейді. Ол былтыр 15-ші қарашада жұмыс бабымен мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымовпен жолығуға барған. Кабинетке кіргенде алкогольдің иісін сезіп, мемлекеттік қызметкердің арақ ішіп-ішпегенін анықтау үшін 102-ге қоңырау шалған. Мемлекеттік қызметкер болса, медициналық сараптамадан өткен. Жұмыс орнында арақ ішпегені расталған Сәкен Қасымов ар-ожданыма нұқсан келтірді деп Абзал Тәжімішовтің үстінен сотқа арызданған.
Бұл істі қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Онда Тәжімішов кінәлі деп танылып, оған 490 мың теңге айыппұл салынды. Бұған келіспеген мектеп директоры облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген еді. Айта кетейік, Есет батыр ауданындағы Д. Қонаев атындағы мектеп директорын оқушы, мұғалімдердің көзінше тәртіп сақшылары қолына кісен салып, алып кеткен. Ол полиция учаскесінде жарты күнін өткізген. Мектеп директоры Абзал Тәжімішов өз оқушылары мен ата-аналарына осыдан кейін бейнежолдау жазған. Онда педагог тәртіп сақшыларының бұлай жасайтындай, ешқандай қылмысқа бармағанын айтады.
Количество показов: 680
Дата создания: 30.01.2023 13:08:03
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>