Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатысты сұрақтар күн сайын арта түсуде. Осыған орай, бүгін облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мамандары рейд жүргізіп, қызмет көрсетушілердің жұмыс барысымен танысты. Халыққа керекті мемлекеттік қызметтерді кідіріссіз, айла -шарғысыз немесе жемқорлықсыз алу ақтөбеліктерді жиі толғандырады. Осы бағытта қызмет атқаратын азаматтардың мекен жайына келетін шағымдар да жоқ емес. Бұл туралы бүгін облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің бас маманы Жәнібек Ормаханов мәлім етті. Өткен жылы департаментке тұрғындардан 15 өтініш түскен. Оның 12-сі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына байланысты шағым.
Рейд кезінде мамандар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке қарасты әскерге шақыру пунктінің жұмысымен танысты. Мұнда оларға жұмыс бабы таныстырылып, ағымдағы жылға қойылған жоспар талқыланды. Департамент қызметкерлері қалалық жұмыспен қамту орталығының жұмысымен де танысты. Мұндағылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қызмет барысы тексерілді. Қазіргі таңда облыс бойынша жалпы 320 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Количество показов: 573
Дата создания: 07.02.2022 18:44:43
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>