«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі!» фестиваліне дайындық басталды
Келесі айда «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі!» қалалық тіл фестивалі басталады. Қалалық фестиваль сәуірдің 3-де ашылады. Мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Қалалық әкімдік қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірігіп осы аралықта бірнеше мәдени шара жоспарлап қойған. Бүгін қалалық әкімдікте фестивальді ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Оған қатысқан қалалық білім бөліміне фестивальға мектептер мен балабақшаларды жұмылдыру, аппарат басшыларына мемлекеттік мекемелермен жұмыс және ішкі саясат бөліміне көрермен залдарын толтыру міндеттері жүктелді. Жиынға қатысқан тіл жанашырлары да өз ұсыныстарын айтып қалды. Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Айгүл Арынғазиева келесі жылы бұл ұсыныс ескеріледі деді. Айша Құлбатыр сонда да Астанадағы тіл комитеті бекіткен ережеден ауытқи алмаймыз деп отыр. Бірақ, қалалық деңгейде толықтырулар енгізуге болатын секілді. Осы көрсеткіштердің жақсаруына тіл фестивалінің тигізер пайдасы мол. Байқау бар жерде бәсеке қалыптасады. Ал тілді меңгеруде бәсекелестік орта қалыптастыру маңызды. |
Количество показов: 2161
Дата создания: 12.03.2014 18:50:09