Мемлекеттік атқарушы органдардың қызметі онлайн жүйеге өтеді
Облыстық прокуратура үстіміздегі жылы бірқатар жоба енгізбек. Соның бірі наурыз айында бастау алатын "Айқын" жобасы. Аталмыш жоба аясында мемлекеттік орган қызметі онлайн жүйеге ауысатын болады. Бүгін облыстық прокуратура ғимаратында өткен семинарда аталмыш жүйені қолдану жолдары таныстырылды. Аты айтып тұрғандай "Айқын" жобасы мемлекеттік орган қызметін ашық, айқын түрде бақылауға мүмкіндік бермек. Жекелеген және заңды тұлғалардың талап-шағымы, атқарушы органның іс-әрекеті, құжаттардың жолдану, қабылдану тәртібі, қысқасы комитеттің барлық жұмысы жүйеде алақанға салғандай көрініп тұратын болады. Жүйе жемқорлықпен күрес үшін жасалған түрлі мемлекеттердің тәжірибесінен алынды. Атап айтсақ, "Айқын" Оңтүстік Корея мемлекетінің "Open" бағдарламасына ұқсас нұсқа, әр қызметкерден сағат, минут, уақытына дейін түртуді талап етеді. Соған қарай құжаттың іске асырылу процесін қадағалауға мүмкіндік бар. Шарада сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында прокурорлық тексеруді азайту жайы да талқыланды. |
Количество показов: 1849
Дата создания: 24.02.2014 19:00:15