25 мамыр - мектеп бітіруші түлектер үшін ұмытылмас күн. Себебі, дәл осы күні олар алтын ұя мектептерін тәмамдап, жаңа өмірге қадам басады. Өңірдегі М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 71 түлегі білім ошағымен қоштасты. Түлектерге салтанатты шара ұйымдастырылып, соңғы мәрте қоңырау соғылды. Мектеп-интернатты бітірушілердің 15-і "Алтын белгі" және 14-і "Үздік аттестат" үміткерлері. Түлектер арасында "Елбасы медалі" жобасының жүлдегерлері, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері де бар. Бірнеше бала шетелде грантпен оқуға шақырту қабылдап та үлгерген. Мектептің 11-ші класс түлегі Бауыржан Жақсылықов "Алтын белгіден" үміткер. Ол болашақта математика пәні бойынша мұғалім болғысы келеді. Алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үстіндемін, дейді ол.
Жалпы оқу жылын 454 оқушы аяқтады. Оның 250-і аудан балалары. Ал бүгінгі шараға мектеп оқушыларынан бөлек, осы оқу ордасын тәмәмдағандарына 20,30,40 жыл толған түлектер де шақырылды. Мектептің соңғы қоңырау салтанатына қатысу әр жылдардағы түлектер үшін үрдіске айналған.
Количество показов: 696
Дата создания: 25.05.2022 17:26:16
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>