Мектептерде ағаш егу акциясы өтті
Бүгін мектептің жан-жағына 60 түп қайың, үйеңкі және алма ағашы отырғызылды. "Экологиялық сағат" акциясына 10-11 сыныпта оқитын 120 оқушы атсалысты. Жас табиғат жанашырлары балғын шыбықтарды ұмытпай, күтім жасап тұрса деген тілектерін жеткізді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қалада бұдан былай ағаш екпестен бұрын суару мәселесі шешілетінін жеткізді. Өйткені тұрғындардың тарапынан шағым көп. Қаланың экологиялық ахуалына алаңдайтын белсенділер әлеуметтік желілерде қураған ағаштардың суретін жариялап, билікті сынап та жүргені рас. Осыған орай өңір басшысы шаһардың бірнеше жерінде ұңғыма қазылатынын жеткізді. Бұл мәселе бойынша қала әкіміне тапсырма берген. Қазір Мавр Абдуллин тиісті ұсыныс әзірлеп жатыр. Су шығаратын жерлер анықталуы керек.
Количество показов: 1263
Дата создания: 03.10.2019 19:15:25