Мектептегі ыстық тамақпен қамту жүйесі өзгереді
Қала мектептеріндегі асханалар мен буфеттер мектептердің балансына берілуі қажет. Сонда ғана оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі шешімін табады. Қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова бүгін қала әкімі Ерхан Омаровқа осындай ұсыныс айтты. Қала әкімі Ерхан Омаров бұл ұсынысты құптай кетті. Келер жылдан бастап мектеп асханалары бірте-бірте бюджеттен қаржыландырылатын болады. Мәслихат депутаты Асхат Айтжановтан "Болашақ" ауданына жылу беру мәселесін шешуге қатысты ұсыныс түсті. Депутат Сазды су қоймасының тартылып бара жатқандығына да алаңдаушылық білдірді. 2013-2015-ші жылдарға бағытталған қалалық бюджет болса өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады. Бір саладан ақша үнемделді. Бір салаға қосымша қаражат бөлінеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бюджеттен аударылатын қаражат 2 миллион теңгеге ұлғайтылады. Кезек бойынша 138 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Ал өтініштердің аздығынан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге мемлекеттік жәрдемақы үшін қарастырылған қаражат 3,6 миллион теңгеге қысқартылады. Білім бөлімінен 78 миллион теңге үнемделеді. 63 миллион теңге мектептерге жылу, жарық есептегіш құрылғы орнатуға, спорттық құрал-жабдықтар алуға, үйірме жабдықтарына, интерактивті оқу құралдарын алу үшін беріледі. Өзге салаларды да осындай өзгерістер күтіп тұр. |
Количество показов: 3232
Дата создания: 13.11.2013 18:40:17