Мектеп оқулықтары талапқа сай емес
Орта мектептерде қолданып жүрген оқулықтар 12 жылдық білім беру жүйесіне көшсек, жарамсыз. Жаңа жүйеге жаңа оқулықтармен ауысу керек. Бұл туралы ғалымдар бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция кезінде айтты. Білім беру саласындағы реформалар жүректі айнытады. Оны жайына қалдырайықшы. Бұл қазір-көпшіліктің көкейінде жүрген ой,- деді мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жуырда өткен мәжілістегі үкімет сағатында. Білімге бөлінген қомақты қаражаттың берген жемісі көңіл көншітпейтінін де жеткізді халық қалаулысы. Сол көп жаңашылдықтың бірі- 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі. Бұл тақырып бүгін ғылыми-практикалық конференцияға да арқау болды. Қазақстандық ғалымдар жаңа білім беру жүйесі несімен ерекшеленетінін айтып берді. 12 жылдық білім беруге көшу 2015 жылы басталады. Және бұл тек 1,5 және 11-сыныптағыларға қатысты. Мұны педагог ғалымдар да құптайды. Жаңалықты енгізбес бұрын, оған оқулықтарымыз дайын ба? Қазір оқушыларымыз пайдаланып жүрген оқулықтар жарамсыз. Жаңа талапқа сай келмейді. Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайыновтың айтуынша, заманауи оқулықтар мектептегі баланың құзыреттілігін дамытуға лайық болуы керек. Педагог ғалымдар алға тартқан тағы бір жағдай- бұрын оқулықтар тек білім беруге арналған болса, жаңа заманның оқулығының мәнісі де сәл өзгеше болады. Әрбір оқушының бойында гуманистік ой, тұлғалық қасиеттер қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Тапсырмалар да соған сай болуы керек. Баланың тапсырмаларды өз бетінше ізденіп, мұғалімнің көмегінсіз орындауына мән беріледі. |
Количество показов: 2411
Дата создания: 12.12.2013 19:14:19