Мектеп автобустары техникалық байқаудан өтті
Биылғы оқу жылы офлайн форматта өтетініне байланысты оқушыларды тасымалдайтын көліктер де сақадай сай болуы шарт. Осыған орай облыстық полиция департаменті қызметкерлері "Абайла, балақай!" жедел алдын алу шарасы аясында автобустардың жағдайын тексерді. Қауіпсіздік ережелерінің қаншалықты сақталғанын бағамдады. Қызметкерлердің сөзінше, көліктердің 80 пайызы оқушыларды тасымалдауға жарамды деп табылған. Кемшіліктер табылған көліктің иелері олқылықтарды белгіленген мерзім ішінде жөнге келтіруі керек. Олай болмаған жағдайда оқушыларды тасымалдауға рұқсат етілмейді. Айта кетейік, бүгінде облыста барлығы 43 мектеп автобусы бар. Олардың 18-і жаңа. Ал ескі автобустар алдағы екі жылда 100 пайыз жаңартылмақ.
Количество показов: 685
Дата создания: 31.08.2021 18:53:30