Мекемелер ардагерлерін ұлықтайды
Қариясын сыйлаған елде қасиет бар. 1-қазан халықаралық қарттар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 15-желтоқсанындағы қарары негізінде жыл сайын аталып өтетін бұл дата біз үшін де жат емес. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 8 пайызын құрап отыр. Өңірімізде 90 мыңнан астам ардагер тіркеулі. Олардың ішінде қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүргендері аз емес. Былтыр Ақтөбеде қалалық ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлім ашылған болатын. Бөлім басшысының айтуынша, қарттар күні егде жастағыларға мерекелік концерттер қойылып, құрмет көрсетіледі. Әйтсе де, Ақтөбеде тастанды қарттар қатары азаяр емес. "Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі" осыдан 50 жыл бұрын ашылды. Қазір №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы деп аталады. Мұнда 179 адам тұрып жатыр. Дені балалары бас тартқан шарасыз қариялар. 103- і қарт адам болса, 76 тұрғыны мүгедек. Орталық қирағалы тұр. Ескірген ғимаратты жөндеуге биыл 672 млн. теңге бөлінген. Оның жартысы ғана игерілді, дейді мамандар.
1-қазан халықаралық қарттар күніне орай егде жастағыларға әкімшілік тарапынан ақшалай қолдау болмайды. Әйтсе де әр мекеме өз ардагерлеріне бұл күні құрмет көрсетіп жатады. Ал әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарына демеушілер тарапынан қолдау жылда бар, дейді осы салаға жауапты мамандар.
Количество показов: 644
Дата создания: 30.09.2022 17:58:25