Мас күйінде жол апатын жасаған жүргізуші 4 жылға сотталды
Ақтөбеде мас күйінде жол апатын жасаған жүргізуші 4 жылға сотталды. Естеріңізде болса, үткен жылдың желтоқсан айында Кеңес Нокин көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасынан 26 жасар жолаушы көз жұмған болатын. Қаза болған Ернар Теңізбаевтың артында жары, балалары қалды. Шетелдік темір тұлпардың тізгінінде отырған Мұрат Тасбеков көлігін мас күйінде жүргізгенін мойындады. Ол көлікті басқаруға мүмкіндігі жоқ бола тұра, қарсы жолаққа шығуға әрекеттенген. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты бүгін № 2 қалалық сотта үкім шықты. Мұрат Тасбеков кінәлі деп танылып, 3 жылға жүргізуші куәлігінен айрылып, тұрт жылға темір торға қамалды. Шешім 15 күннен соң заңды күшіне енеді. |
Количество показов: 1766
Дата создания: 17.03.2014 19:52:25