Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы сенбі күні де жұмыс жасайды
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы сенбі күні де жұмыс жасайды. Оған шетелдік автокөліктерді заңдастыру өтінімдерінің көп болуы себеп. Құжаттарды рәсімдеуді жеделдету мақсатында мекемеде таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін қызмет көрсетіледі.23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталған болатын. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында бүгінде қарбалас. Темір тұлпарларының шетелдік нөмірлерін мемлекеттікке ауыстыруға асыққандардан өтінім көп түсіп жатыр, дейді орталық қызметкерлері. Сондықтан мекеме сенбі күні де жұмыс жасайтын болды.Азаматтарға "Алматы" ауданында орналасқан ЭКСПО ғимаратында да қызмет көрсетілетін болады. Жаңа кестемен мамандандырылған ХҚК орталықтары тек алтыншы ақпанға дейін қызмет көрсетеді. Әрі қарай қалыпты режимде жұмыстарын жалғастырады. Еске сала кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 1- ші шілдеге дейін жүргізіледі.
Количество показов: 638
Дата создания: 25.01.2023 13:12:32