Мәжіліс депутаттары зауыт ұжымымен кездесті
Үш жыл бұрын пайдалануға берілген кәсіпорын құрылысқа қажетті түрлі сипаттағы керамика тақтайшаларын шығарады. Өндірісте екі жүзге жуық адам еңбек етеді. Негізгі шағын цехтан былтырдан бастап жоғары қысымға шыдас беретін тақтайшалар, керамо-гранит шығарыла бастаған. Зауыттың заманауи техникаларымен танысқан мәжіліс депутаттары жұмысшылармен де тілдесті. Олардан жұмыс барысын, еңбек шарттарының сақталуын сұрады. Зауытта жұмыс жасайтын әрбір маманға қанша жалақы төленетінін білді. Өңірде тағы бірнеше күн аялдайтын депутаттар Ойыл, Байғанин, Шалқар аудандарына іс-сапармен барады. Көршілес мемлекеттермен қоян-қолтық жұмыс жасайтын Ақтөбе керамо-гранит пен керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыты былтыр 600 мың шаршы метр жерге төсеуге жететін керамика тақтайшаларын өндірген. Зауытта 200-ге жуық жергілікті маман мен шетелдік азаматтар да еңбек етеді. Биылдан бастап жұмыс көлемін екі есеге арттырып, инвестиция көлемін арттыруды жоспарлаған.
Количество показов: 784
Дата создания: 21.02.2022 18:50:30