Мәжіліс депутаттары ауылға барды
"АкТеп" ЖШС заманға сай құралдармен жабдықталған. Голландтық техникаларды смартфон арқылы басқаруға болады. Мұнда 30-дан астам адам жұмыс жасайды. Бүгін депутаттар олардың сауалдарын тыңдады. Дені - баспаналы болу мәселесін көтерді. Одан өзге, ауылішілік жолдарды асфальттау, ауылға кіреберіс жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыруды сұрады. Мәжіліс депутаттары Ш.Қалдаяқов ауылындағы әлеуметтік нысандарды да аралап көрді. Мектеп, балабақша ұжымдарымен кездесті. Ұстаздар жасқа қарап емес, еңбек өтілі бойынша зейнетке шығару жөнінде ұсыныс білдірді.
Количество показов: 1087
Дата создания: 04.02.2019 18:35:34