Мұнай ұрлығы өршіді
Мұнай ұрлығы қылмысы үдеп барады. Өткен жылы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда екі есеге артқан. 115 қылмыстық дерек анықталып, 94-і сотқа жолданған. Істі болған 27 адам сотталды. Қылмыстары қанша рет әшкере болса да, мұнай ұрлығын кәсіп еткендер азаймай отыр. Прокурорлар мұның бірнеше себебін айтады. Көп жағдайда ұрының көзіне бірінші түсетіні- қараусыз жатқан ұңғымалар. Тосқауыл қою мақсатында бас прокуратураға иесіз ұңғымаларды "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының бақылауына беру туралы ұсыныс жолдаған. Осы уақытқа дейін шешілмей келген мәселеге қатысты тағы бір ұсыныстары бар. Ол заңнамаларға шикі мұнайды құжатсыз, тексерусіз қабылдаушы терминал қожайындарын жауапкершілікке тартуды енгізу. Бүгінде барымташыны құрықтау қиынға соғып отыр. Үйір-үйір жылқыны, табын-табын сиырды айдап кету ұрыларға түк қиындық келтірмейді. Өткен жылы мал ұрлығы 37 пайызға өскен. Барымташылар Шалқар мен Хромтау аудандарында көп. Енді ақтөбелік тәртіп сақшылар павлодарлық әріптестерінің әдісін тәжірибеге енгізуді ұсынып отыр. Енді өрістегі ірі қараны үйде отырып GPS-навигатордың көмегімен бақылап отыруға болады. Ол үшін әр сиырға арнайы чип орнату керек. Құны- 5 мың теңгенің шамасында. Қалта ұрлығын жасайтындардың дені- өзге өңірлерден келгендер. Қолының сұғанағы барлар әсіресе, қарбалас сәтті пайдаланады екен. Тұрғындар әмияны мен ұялы телефондарынан көбіне сығылысқан автобустарда айырылып қалады. Биыл қылмыстың алдын алу үшін қаладағы 10 бағыттық автобусқа бейнебақылау қондырғысы орнатылған. |
«Тәулік» бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтемеден қараңыз
Количество показов: 1967
Дата создания: 04.03.2014 18:57:36