Мүмкіндігі шектеулі балалар жаңа жылды тойлады
Жарымжан балалар Жаңа жылды тойлады. Өткен сенбіде Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер үшін "Аяз атаға қонаққа" атты қайырымдылық мерекесі өтті. Онда балалар ертегі тамашалап, жаңа жылдық тәтті сыйлықтар алды. Балалар кез келген мейрамды асыға күтеді. Соның ішінде Жаңа жыл мерекесінің орны бөлек. Аяз атаның бар екеніне риясыз сенетін бүлдіршіндер ертегі әлеміне еніп, қойылымды көз алмай тамашалады. Облыста қазір 2 мың 198 мүгедек бала бар. Биыл мұндай балаларға арнайы әлеуметтік қолдау көрсету бағытында қалада үш үкіметтік емес ұйым жұмыс жасады. Мемлекеттен алғаш рет қаржы бөлінді. Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы, "Ғажап" және "Жайна" ұйымдары атқарылатын шаруаларды өзара бөлісіп, 231 баланың оңалуына күш салды. Жемісін берген жоба келесі жылы да қаржыландырылады.
Ертеңгілікке барлығы 90 бала шақырылған. Алпысқа жуығы келді. Ұйымдастырушы "Жайна" үкіметтік емес ұйымының директоры Нұрила Жарболованың айтуынша, мерекеге қатыса алмаған балалардың сыйлықтары үйлеріне жеткізіледі.
|
Количество показов: 2287
Дата создания: 23.12.2013 18:39:53