М. Ломоносов көшесіндегі ескі үйдің әлегі бітер емес.
Ломоносов көшесіндегі № 1 үй осыдан 58 жыл бұрын бой көтерген. 5 қабатты тұрғын үйдің әр қабатында 12 пәтерден бар. Соңғы жылдары кәріз жұйесінің дұрыс жасамауынан жертөле лай суға толып қала береді. Тіпті ішінде аяқ басар жер жоқ. Бұдан бөлек пәтерлерді шарлаған иіс қолқаны қабады. Тұрғындар жағымсыз иісті кетіру үшін күнде тұрғын үйдің еісігін ашып қоямыз, дейді. Деседе, есікті ашық қалдыру өте қауіпті. Себебі, бұл аймақта түрлі адамдар жүреді.Мән - жайды анықтау үшін "Дубравушка" ПИК - не хабарластық. Мамандардың айтуынша, жертөлеге тазалық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Дәл қай күні екенін нақтылаған жоқ. Ал құбырларды термо жаңғырту бағдарламасы аясында алмастыруға болады. Бірақ бұған тұрғындар келісім бермей отыр. Жылу беру жүйесі жұмыс істеп тұр. ПИК-тің мақсаты ортақ меншіктегі кондоминиум нысандарының инженерлік жабдықтары мен санитарлық-техникалық қызметін қамтамасыз ету. "Дубравушка" ПИК қызметіне тұрғындардың көңілі толмайды. Олар ай сайын үйдің шаршы метрі үшін ақша төлейді. Бірақ осы қаржы мақсатсыз жұмсалып отыр,-деген пікірде.Количество показов: 425
Дата создания: 17.10.2023 23:55:57