Мүгедектерді жұмыспен қамтитын өндіріс орындары жоқ
Ақтөбедегі мүмкіндігі шектеулі жандар төрт қабырғаны күзетіп, бос отырмайды. Олар мүгедектерді қолдау орталығына келіп, өздерінің уақытын тиімді өткізе алады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оқыту курстары бар. Сал ауруына шалдыққан ақтөбеліктер өз мүмкіндіктеріне қарай қол өнермен айналысады. Сондай-ақ, туа бітті сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту бөлмесі де жасақталған. Мұнда мамандар түрлі емдік массаждар жасап, балалардың бойларын жазады. Парламент мәжілісінің депутаттары орталықты аралап, жұмысымен танысты. Мүгедектерді қолдау орталығы ақтөбелік жарымжан жандардың ірілі-ұсақты мәселесін шешумен айналысады. Алайда орталық басшылығының тісі бата бермейтін де күрделі проблемалар бар. Мүгедектерді қолдау орталығының директоры Құралай Бәйменова мұндай сұрақтарын бүгін үміт артып, депутаттарға жолдады.
Депутаттар өз кезегінде бұл мәселелерді парламент отырысында талқыға салып, оңтайлы шешу жағын қарастыратындықтарын жеткізді.
Ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандардың өзге өңірдегі мүгедектер қоғамы мүшелеріне қарағанда өмірге құштар, еңбекқор, жігерлі екенін аз уақыт ішінде депутаттар да байқап үлгерді. Олар орталық ісіне оң бағасын берді.
|
Количество показов: 1920
Дата создания: 06.02.2014 18:56:19