Мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері өсті
Сондай-ақ, мүгедек балалар асыраушысынан айырылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақының екеуін де бір мезгілде алатын болады. Бұл өзгеріс облыста 200-ден астам баланың жәрдемақысын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа заң жобасы негізінде тек І-топтағы мүгедек жандардың жеке қараушысына да 48 мың теңге беріледі. Бұған дейін 534 адамға күтім жәрдемақысы төленсе, енді 835 адам жаңа жәрдемақымен қамтылады. Елімізде жаңа заң жобасын іске асыруға 2021-2023 жылдарға 55 млрд теңге бөлінді. Айта кету керек, І-топтағы мүгедек жандар ай сайын 65 мың теңгеден жоғары жәрдемақы алса, ІІ-топтағылар 54 500 теңге, ІІІ-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға 48 023 теңге берілетін болады.
Количество показов: 935
Дата создания: 24.11.2021 17:37:43