Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі
Ертемен облыс әкімдігінің екінші қабатындағы дәлізді торуылдаған тілшілер қауымының қойын дәптерлері майланды. Бақандай оннан аса басқарма, департамент басшылары жүздесуге келіп, журналистерде жиналып қалған сауалдарға жауап берді. Дегенмен бүгін күн тәртібінде екі мәселе талқыланды. Әуежайға қатысты жағдай мен бұрынғы облыстық экология департаментінің басшысының "алтын көріп, жолдан тайған" әрекетіне облыс әкімінің бірінші орынбасары өзі жауап берді.
Өткен ақпан айында қызметінен кеткен Нұржан Аққұл былтыр желтоқсан айында жергілікті кәсіпкерден өз кабинетінде 400 мың теңге ақы сұраған. Әлі тергеліп жатқан іс құпия күйінде сақталып отыр. Сотқа әлі жолданған жоқ. Бірақ бұрынғы облыстық экология департаментінің басшысы пара алғысы келгенін мойындаған. Сол себепті тергеу абақтысына қамалмаған. Еш жерге шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр.
Сондай-ақ, жүздесуде қалабасы бірнеше сұрақтарға жауап берді. Халықты тұрғын үймен қамту мәселесі бойынша республикадан биыл "Нұрлы жер" бағдарламасын дамытуға 15 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін ескі үйлердегі жүздеген жеделсаты жөнделмек. Бірақ жер беру мәселесі әлі де кешеуілдеуі мүмкін. 2018 жылдан бері қала маңында 30 мыңнан аса жер учаскесі үлестірілген. Бірақ 25 мыңнан аса жер телімі мүлде игерілмеген. Яғни бұл алаңдауға тұрарлық мәселе дейді қалабасы. Жерді үлестіру мерзімі қашан басталатыны белгісіз. Биыл жоспар бойынша сонау 2008 жылы кезекке тұрған азаматтар жер ала алады.
Количество показов: 588
Дата создания: 10.03.2022 18:20:49