Әлеуметтік дүкендерде картоп жоқ
Жилгородской базары маңындағы екі бірдей "Табыс" серіктестігі қарайтын әлеуметтік дүкенде де сөре бос тұр. Картоп сұраушылар көп, бірақ соңғы қабы кеше таусылып қалды, дейді дүкенші. Мұнда картоптың келісі 200 теңгеден сатылады екен. "Табыс" ЖШС ның әлеуметтік дүкендерінен өзге сауда нүктелерінде картоп 340-350 теңгеден. Сатушылар көтерме баға күннен күнге қымбаттап барады. Қымбатшылық әлі де тоқтамайтын сияқты, деп отыр.Тұрғындар қалашығындағылардың аңдығаны әлеуметтік дүкендер болып кеткен . Картоп түскен бойда мұнда ұзын сонар кезек, дейді Табыс дүкендер желісінің сатушылары. Әлеуметтік дүкенге картоп екі күнде бір рет жеткізіледі екен. Бірақ, 800 келі көкөніс бірақ күнде өтіп кететін көрінеді. Оның өзі де қазір арзан емес. Бір ай бұрын әлеуметтік дүкендерде картоптың келісі 116 теңге болса, қазір 200 теңге.
Количество показов: 46
Дата создания: 18.03.2025 06:05:45