Әлеуметтік дүкенде азық түлік түрі аз
Әлеуметтік дүкенге келісі 363 теңгеден түсетін құм шекер біраз уақыттан бері сатылымда жоқ. Қантты осы жерден алып үйренген тұрғындар жиі сұрап келетін көрінеді. Әлеуметтік дүкен сатушысы Ольга Истаева біраздан бері төмен бағада шекер мен ұнның, қырыққабат пен қызылшаның сатылымға жіберілмей тұрғанын жасырмады. Дүкен қызметкері тұрақтандыру қорына көкөніске өтінімді әлдеқашан беріп қойған. Бір-екі күнде бірнеше қапшық картоп жеткізілуі керек. Картоп бағасы шамамен келісіне 120-125 теңгеге белгіленуі мүмкін. Тұрақтандыру қорынан жеткізілетін өнімдерге әлеуметтік дүкендерде үстіне 5-7 теңге ғана қосылады. Сол себепті тізімдегі азық-түлік өнімдерінің бағасы әлдеқайда арзан болады. Шектеу жоқ. Кез келген адам қажетінше сатып ала алады. Әлеуметтік дүкендер тұрақтандыру қорынан уақытылы көкөністердің жеткізілмеуіне байланысты, картоп, жуа, сәбіз өнімдерін жергілікті жылыжайлардан алып отыр. Үш өнімнің бағасы бірдей- келісі 145 теңгеден сатылады. Қырыққабат- 120 теңгеден тұр. Жергілікті тауар өндіруші компанияларының қызметкерлері жеткізіп беріп отырған құм шекер сөреге- 440 теңгеден шығарылған.
Количество показов: 646
Дата создания: 07.12.2022 12:30:45