Үлескерлері "СENTER GROUP" құрылыс компаниясының қызметіне наразы
Батыс -2 ықшам ауданынан пәтер алмақ болған тұрғындар "СENTER GROUP"құрылыс компаниясының басшыоығы бізді алдап соқты деп налиды. Пәтерлердің әр шаршы метрі 220-240 мың теңгеден сатылған. Үлескерлердің дені несие алып, компания алдындағы қарызынан құтылған. Бірақ "Бавария" тұрғын үй кешенінің құрылысы толық аяқталып үлгермеген. Өткен жылдың желтоқсан айында беріледі деген үйге олар биыл шілде айында кіріпті. Батыс-2 ықшам ауданындағы "BAVARIA" тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған 150 адам пәтер кілттерін кешіктіріп алған. Оған үй құрылысының ұзаққа созылып кетуі себеп. Одан қалды сылағы кеуіп үлгермеген ғимараттың қабырғалары сөгіле бастаған. Құрылыстың сапасы да мүлдем сын көтермейді дейді үлескерлер. Құрылыс сапасы талапқа сай болмаса да, компания салған үйге құжат рәсімдеп үлгерген. Бүгін кеңсеге басып кірген тұрғындарға "СENTER GROUP" құрылыс компаниясының директорларының бірі жақын күндері барлық кемшіліктерді түзейміз деп уәде берді.Тапсырыс беруші компания мердігер құрылыс фирмасын сотқа беріп қойған. Соттың шешіміне қарамай "СENTER GROUP" құрылыс компаниясының басшылары тұрғындардың талаптары толық орындалатынына уәде берді.
Количество показов: 600
Дата создания: 16.09.2021 18:02:24