Лаңкестікті насихаттағандар сотталды
27 жастағы Қуаныш Жайлаубаев террорлық ақпарат таратқаны үшін 2014 жылы сотталған. 4 жыл жазасын өтеп шығып, қайтадан темір торға қамалды. Өткен іс-әрекетінен сабақ алмаған бұл азамат қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын екінші рет өтейтін болды. Ал, Азамат Баймұрзин бұрын соңды құқық бұзу әрекеті тіркелмегені ескеріліп, 7 жыл жалпы тәртіптегі абақтыда жазасын өтейді. Сотталушылардың туғандары үкіммен келіспейтінін айтты.Сотталушылардың жазасын өтеу мерзімдері қамауға алынған күннен бастап есепке алынды. Сонымен қатар, олардан сот ісінің шығындары өндіріледі. Соттың үкімімен келіспеген жақ 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.
Количество показов: 1021
Дата создания: 28.02.2019 17:53:30