Коммуналдық жағажай ашылды
Облыста 72 жағажай бар. Оның 51- і коммуналдық, қалғаны жеке. Ал суға түсуге тыйым салынған, әрі қауіпті деп белгіленген 220 орын тіркеулі. Құтқарушылардың ескертуіне құлақ аспай, бұл жерлерге де жиналушылар көп. Сондықтан жаз бойы жағажайлар мен су жағаларын атты әскерлер торуылдайды. Рейдтік шаралар апта сайын жалғаспақ. Ереже бұзғандар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді.
Биыл қала бойынша 18 жағажай жұмыс істейді. Ал Нокин даңғылында жаңадан ашылған коммуналдық жағажайға кіру тегін. Мұнда құтқарушы бар. Күннен қорғайтын шатырлар қойылып, киім ауыстыратын орын да қарастырылған. Жаңа жағажайға таза құм төгілді. Қоғамдық орын жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен ашылып отыр.
Количество показов: 921
Дата создания: 08.06.2022 18:52:44