Кинологиялық қызмет орталығында балалар күніне арналған экскурсия ұйымдастырылды
Бүгін облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында балалар күніне арналған экскурсия ұйымдастырылды. Шараға "Аяла" оңалту орталығының балалары қатысты. Кинолог мамандар балаларға қызметтік иттерді, қызмет барысында қолданылатын құрал-жабдықтарды таныстырды. Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 33 қызметтік ит бар. Оларға 15 кинолог маман жауапты. Қызметтік иттер күнделікті жаттықтырылады. "Төрт аяқты" серіктерін тәртіп сақшылары түрлі патрульдік-қарауыл қызметтеріне өздерімен бірге ертіп жүреді. Бүгінгі экскурсияға келген балаларға қызметтік иттердің қылмысты әшкерелеу қабілеті көрсетілді.
Тәртіп сақшылары балаларға арнап экскурсияны жыл бойы өткізбек ниетте. Алдағы уақытта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін облыстық полиция департаментінің музейімен, жедел басқару орталығының жұмысымен, криминалдық бөлім қызметімен таныстыру жоспарланған.
Количество показов: 843
Дата создания: 02.06.2022 19:12:20
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>