Хромтау және Мұғалжар аудандарында бірінші сыныпқа барған 250-ден астам бала жаңа оқу жылында сөмкелер мен оқу құралдарын сыйға алды
Хромтау және Мұғалжар аудандарында бірінші сыныпқа барған 250-ден астам бала жаңа оқу жылында сөмкелер мен оқу құралдарын сыйға алды.Ақтөбе мыс компаниясы және “КазГеоруд” ЖШС жыл сайын жақын орналасқан ауыл тұрғындарына балаларын сабаққа дайындауға көмектеседі.
Оқу құралдарына толы рюкзактарды Көктау, Майтөбе, Аққұдық, Қайыңды және Алтынды ауылдарында және кәсіпорын қызметкерлерінің бірінші сыныпқа барған балалары алды.
Топтама ішінде бірінші сынып оқушысына қажетті пенал, қалам, қарындаш, қарындаш ұшын аршығыш, дәптер, сурет салуға арналған альбом, пластилин, краскілер бар.
Балалар үшін сабақ құралдарын сатып алуға 6,5 миллион теңге бөлінді.
Количество показов: 506
Дата создания: 14.09.2023 10:18:58