Хромтау мен Қарабұтақ арасында жол-көлік апатында 2 адам көз жұмды
Самара-Шымкент тас жолында көлікті басып озбақ болған жүргізуші рульге ие бола алмай, аударылды. Салдарынан өзі мен қасындағы жолаушы қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабар таратты. Оқиға 2 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында болған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың сөзінше, «Chevrolet Aveo» маркалы көлік жүргізушісі Хромтау қаласынан Қарабұтақ ауылына барар жолда алдындағы көлікті басып озбақ болып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, аударылады. 38 жастағы жүргізуші мен жолаушы сол жерде жан тапсырған. Көлік салонында болған тағы 3 жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылған. Оқиға бойынша «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.Количество показов: 653
Дата создания: 03.09.2021 18:36:00