Хромтау ауданында мал фермасы ашылды
Өңірде ет бағасы біршама арзандайды. Оған Хромтау ауданының Қопа ауылында бүгін ашылған мал фермасының ықпалы тиюі мүмкін. Фермада өсірілген ірі қара малдың еті ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етпек. Қазір шаруашылықта 2 мың бас сиыр мен бұқа бағымда. Болашақта олардың саны 6 мыңға көбеймек. "Ангус" тұқымды мына ірі қара сиырлар мен бұқалар облыс орталығынан 170 шақырымдағы Қопа ауылына сонау мұхит асып жеткен. Нақтырақ айтқанда жасыл желекті Канада мемлекетінен. Сиырлар Хромтау ауданына биыл жеткізіліпті. Олар жергілікті ірі қаралармен шағыстырылмақ. "Молочные истории" компаниясы осы жобаны бір жыл ішінде дамытуға 6 млрд теңге жұмсаған. Нәтижесінде облыста жыл сайын мыңдаған тонна сүт пен ет өндірісі жанданбақ. Ірі компания әзірге бір ғана мал өсіру кешенін тұрғызған. Ендігі жоспарда дәл осындай кешен тұрғызу тұр. Оларда 6 мың бас шетелдік ірі қара мал өсірілмек. Зеңгі баба тұқымын 70 маман күтіп бағады. Оларға арнайы 3 қабатты үй тұрғызылыпты. Айта кетелік, облыста енді ғана қолға алынып жатқан "Молочные истории" ауқымды жобасына қаражаттың жартысын мемлекет бөлген. Қазір өңірде индустрияландыру картасы арқылы жылына 11 жарым мың тонна сүт өнімдері шағарылады. Сүтті ірі қара малдардың басым бөлігі "Анди", "Айс", "Болат ЛТД" компанияларында бағылады. Келер жылы жергілікті бюджеттен сауын сиырларын бағу үшін тағы 10 жоба қаржыландырылмақ. Қосымша шағын сүтті-тауарлы фермалар салынады. Бұл әзірге жоспар ғана. |
Количество показов: 2560
Дата создания: 13.12.2013 19:26:08