Хромтау ауданында барымташылар ұсталды
Хромтау ауданында бірнеше жылдан бері мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Ұрылар жайылымда қараусыз жүрген ірі қараларды "Газель" автокөлігіне тиеген. Ішіндегі ірілерін бөлшектеп сойып, етті қаладағы базарларға өткізіп отырған. Күдіктілердің осы күнге дейін 9 қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр. Мал ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топ құрамында 3 адам болған. Оңай олжаға құныққандар соңғы екі ай ішінде арасына 3-4 күн салып, бірнеше рет барымтаға шыққан. Күдіктілердің бірінің сөзінше, бір күнде кемі алдарына 3 малдан салып отырған. Биыл 60-тан астам мал ұрланған. Хромтауда ұсталған күдіктілерге қатысты "мал ұрлығы" бабымен тергеу жүргізілуде. Олар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Количество показов: 596
Дата создания: 08.11.2021 19:20:33