Кезекті қоқыс дауы
Көше ортасында орналасқан қоқыс контейнерлері адам көргісіз күйде. Бұл аз да болса тазартылғаны дейді тұрғындар. Айтуларынша, үй маңындағы базарлар мен сауда орындарының қожайындары қоқыс контейнерлерін ретсіз пайдаланады. Шіріген көкөністер мен құрылыс қалдықтарын үйіп тастайды. Ал осы ауданға бекітілген Таза Live компаниясы тек контейнер ішіндегі қоқысты тазартып, сыртына шыққан қалдықтарды тазартуды тұрғындардың міндетіне жүктеген. Өткен түнде қоқыс жәшіктерінің бірінде белгісіз шоқ тұтанып, контейнер маңайы өртенген. Тұрғындар өрт сөндірушілерді шақыртып, әрең өшірдік, аяқасты өрт өршіп кеткен жағдайда не болады деп жыларман күйге түсіп отыр. Осының бәрі қоқысты уақытылы шығармағанның кесірі дейді тұрғындар. Бұлайша шашылудың себебін білмек болып, Таза Live компаниясына хабарластық. Аумақ сеніп тапсырылған компанияда қоқыс жинайтын жұмысшы жетіспей отырғанын білдік.
Таза Live компаниясы Шанхай, Тұрғындар қалашығы аудандары мен Әлия Молдағұлова көшесіндегі тұрғын үйлердің қоқысын шығаруды міндетіне алған. Тұрғындардардың айтуынша, қоқыс тазалаушылар соңғы екі аптадан бері мүлде жинауға келмеген. Қыруар аумақты міндетіне алған компанияның кадр мәселесі шешілгенше бұл жәшіктердің айналасы үйіндіге айналмасына кепілдік жоқ.
Количество показов: 899
Дата создания: 19.08.2019 18:23:36