Келесі жылға қала бюджеті 76 миллиард теңгені құрайды
Қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын 3 компанияға жергілікті бюджеттен 4 миллиард теңге субсидия қарастырылып отыр. Бұл қаржы "Автопарк" серіктестігінің 16 ,"Qala Trans" компаниясының 3 және "Жолаушылар автокөлік кәсіпорны" ЖШС-нің 8 бағытына бөлінбек.Бұдан бөлек жиында келесі жылға әлеуметтік қамтамасыз етуге 8 миллард теңгеден астам қаржы, мәдениет саласын дамытуға 215 миллион теңге шығындар тізімі ұсынылды. Сондай-ақ қалада 5 көп қабатты тұрғын үйдің инженерлік желілерінің құрылысын аяқтауға жергілікті бюджеттен 16 млн теңге, Заречный, Нокин, Қызылжар тұрғын үй массивтерінде дене шынықтыру кешенінің құрылысын аяқтауға 2,8 млн теңге бөлу жоспарлануда.Алдағы жылға жолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 764 миллион теңге, құрылыс саласына 2 миллиард теңгеден астам қаржы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 8 млрд теңге, ал жолдарды күтіп ұстау, абаттандыру және көгалдандыру, көшелерді жарықтандыруға 4 миллиард теңге бөлу қарастырылған.
Количество показов: 546
Дата создания: 15.12.2021 19:40:48