Келер жылдан бастап қазақстандықтар көлік нөмірін өз қалауынша жасата алады
Келер жылдан бастап қазақстандықтар көлік нөмірін өз қалауынша жасата алады. Мұндай мемлекеттік көлік нөмірінің сомасы салық кодексіне жазылады. Бұл қызмет үшін көлік иесі 15 АЕК яғни 45 мың 945 тг төлеуі тиіс. Дегенмен жаңа жоба әлі дайын болған жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің ақпаратына сәйкес, ақтөбеліктер арасында элиталы нөмірлерге тапсырыс берушілер қатары жетерлік. Шаһарда қазір ерекше нөмірлі 10 мыңнан аса көлік жүйткіп жүр.
Кез келген сан және әріптерді тапсырыспен әзірлеуге рұқсат берілген. Тапсырыс беруші өз қалауын жүзеге асыра алады. Заң бойынша нөмірді жасауға 5-15 күн кетеді. Тапсырыс берілген кез келген нөмір осы уақыт аралығында дайындалуы тиіс.
Количество показов: 569
Дата создания: 29.03.2022 18:54:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>