Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың қаза тапқанына - 70 жыл
Қаңтардың 14-де Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың қаза тапқанына 70 жыл толады. Жеңіс үшін жанын пида еткен қазақ қызының ерлігін Ақтөбе халқы бүгін тағы бір мәрте еске алды. 19 жастағы қызғалдақ ғұмыр 1944 жылдың қаңтарында жат жерде үзіліп кетті. Қазақтың қайсар қызына ол қаза болғаннан кейін Кеңес одағының батыры атағы берілді. Әлия осы атақты иеленген тұңғыш қазақ қызы болатын. Ақтөбе халқы жылына үш мәрте қаһарман қыздың ескерткішіне келіп, оның рухына тағзым етеді. Әлияның туған күні - маусымның 15-де, ерлікпен қаза болған күні - қаңтардың 14-де және Жеңіс мерекесінде. Қала тұрғындары жылдағы дәстүрден жаңылмай бүгін тағы да мемориалды кешен жанына жиналды.Әлияны еске алу шарасына қалалық билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, әскердегі сарбаздар, студенттер мен оқушылар, Әлия есімді арулар келген. Кездесуде батырдың сіңілілері Әліп пен Тәжен, інісі Сапар Мұлдағұлов, нағашы сіңілілері Әрия, Райса Хабиевалар да болды. Бүгін Әлия туралы біраз естеліктер, әндер, әңгімелер айтылды. Әлия есімді бойжеткендер батыр апаларына ұқсағысы келетіндерін, Әлиядан үлгі алатындарын жасырмады. Жұртшылық ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тарасты. |
Количество показов: 2757
Дата создания: 13.01.2014 19:22:18