Кадр дайындау мәселесі қамтылған облыстық конференция өтті
Мамандық таңдау-табысқа жетудің кепілі. Бүгін шығармашылық академиясында осындай тақырыпта облыстық конференция өтті. Бұл шараға жоғарғы және орта білім беретін оқу орындары және өңірлік жұмыспен қамту басқармасының өкілдері қатысты. Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің ұжымы конференцияға үлкен дайындықпен келгендерін айтады. Көрмеге қойылған тағам түрлері мен қолөнер бұйымдары колледж студенттерінің қолынан шыққан. Оқытушылар сөзінше, колледж студенттері білім мен тәжірибені қатар алып келеді. Студенттер бірінші курстан бастап тәжірбие жинауға көп уақыттарын бөледі. Шалқар аграрлық-техникалық колледжі түлектеріне өндірісте сұраныс артқан. Колледж студенттері мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін білім алады. Тегін жатақханада тұратын студенттерге бір мезгіл ыстық тамақ та беріледі екен. Оқытушылар соңғы жылдары тігіншілік пен аспаздық мамандықтарын оқуға келетін жастар саны көбейіп отырғанын айтады. Жеке қорғаныс құралдары кәсіпорындары одағының бастамасымен өткізілген "Мамандық таңдау-табысқа жетудің кепілі" деп аталған конференцияға облыстық әкімдік қолдау көрсеткен. Өңірлік жұмыспен қамту басқармасының ұйымдастыруымен конференцияға жұмыс берушілер де келген. Кәсіпорындар өздеріне қажетті мамандарды дайындау жұмыстары бойынша жоғарғы оқу орындары басшыларымен әріптестік байланыс орнатуға келіскен. Қоғамға қажетті мамандықтарды нарық өзі реттейді. Дегенмен өз ісінің қыр -сырын толық меңгерген білікті маман жерде қалмайды, дейді конференция ұйымдастырушылары. Кең ауқымда бірінші рет ұйымдастырылған шараға 400- ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.Количество показов: 787
Дата создания: 29.03.2023 16:03:53