Күзде жөнделген үйдің төбесінен су тамшылап тұр
Әбілқайыр хан даңғылы № 83 үйдің бесінші қабатында төбеден су тамшылап тұр. Былтыр күзде көше жақ беті єспеттеліп, төбесі жаңартылған үйдің жоғары қабатындағы пәтерлер қазір адам тұрғысыз күйде. Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы сары түске боялған мына келбетті үйде тұратын Әсел Мырзашева өткен жұмадан бері әбден әбігерге түсті. Төменгі сыныпта баласы оқитын жалғызбасты ананың бірнеше күннен бері қолынан шелегі мен шүберегі түскен жоқ. Айтуынша, төбеден тамшылаған суды екі сағат сайын төгіп тұру қажет. Тіпті Әсел пәтердің төбесі опырылып түсе ме деп қауіптеніп отыр. Тоққа су тие ме деп жарықты да ажыратып қойыпты. 1986 жылы іргесі қаланған көпқабатты үйде 80-ге жуық пәтер бар. Тұрғындар шамамен алты жыл бұрын өз күштерімен үйге ағымдағы жөндеу де жасапты. Шатырды да ауыстырған. Тұрғындар әу баста-ақ үйдің әспеттелуіне қарсы болыпты. Бірақ, бізді тыңдар құлақ табылмады, қысқа мерзімде біткен жөндеу жұмыстары суық түсе жасалғасын сапасыз аяқталды деп отыр. Естеріңізде болса, өткен жылы қазан айында мына үйдің сырты жергілікті әкімдіктің жоспарымен жаңартылған болатын. Қысқа мерзімде көше жақ беті боялып, төбесі заманауи құрылыс материалдарымен жабылды. Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясынан хабарланғандай, құрылысты жүргізген "Гэмба" ЖШС-гі шатырға жөөндеуді қайта жасап береді. Бірақ күн жылынып, төбедегі қар толықтай ерігесін ғана. Ал, оған дейін тұрғындар мынадай күйге түскен пәтерлерінде күн кешуге мәжбүр. Бұл қаламызда жаңарту, жаңғырту басталғалы тіркеліп отырған алғашқы жағдай емес. Тұрғындар мүйіз сұрап, сақалынан айырылған ешкінің кебін киіп жүргендей. Ал мемлекеттен бөлінген қыруар қаржы желге ұшып, жоқ болып жатќандай әсер қалдырады |
Количество показов: 2224
Дата создания: 17.03.2014 19:51:04