Бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залында Айгерім есімді азаматшаның ісі қаралды. Қылмыс сәуір айының ортасында Алға қаласында болған. Айгерім үйіне мас күйінде келген күйеуінен қорғанған. Соңғысы тынышталмай әйеліне жұдырық жұмсап, оқтаумен бірнеше рет соққы жасаған. Кейін қолына пышақ алып жүгірген. Айгерім пышақтан қорғану кезінде жолдасының қолдарын кейін қайырмақшы болып оны төсінен итере салғанда, суық қару күйеуінің кеуде тұсына сұғылып кетеді. Қансыраған азамат сол жерде жан тапсырған. Прокурор соттан оның туыстарына моральдық және материалдық шығын өтеп беруді ұсынғанымен сот мынадай үкім шығарды.
Сот ІІД бастығына және облыс прокурорына қатысты жеке қаулы шығарды. Олар сотқа дейінгі тергеу өндірісі біржақты жүргізілгені және қылмыстық істің жан-жақты, объективті тергелмегендігі үшін ескерту алды.
Количество показов: 1583
Дата создания: 08.12.2016 18:43:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>