Бүгін кітап оқу күні. Соңғы жылдары жасөспірімдердің кітапқа деген ынтасы артты,- дейді кітапханашылар. Атаулы күнге орай Сақтаған Байішев атандағы облыстық кітапханада танымдық шаралар жиі өтіп тұрады. Кітап оқу мидың жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады. Жүйке жүйесін тыныштандырады. Таным көкжиегін кеңейтіп, шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті оятады. Максим Горький минутына төрт мың сөз оқи алған. Сталин күніне 400 бет кітап оқыған. Томас Эдисон бірден 2-3 қатардан оқи алған, ол тіпті мәтінді беттеп жаттай да ала білген. Ғалымдардың айтуынша, кітапты баяу оқуға қарағанда, жылдам оқу кезінде көз анағұрлым аз шаршайды. Адамдардың 95 пайызы кітапты өте баяу оқиды – минутына бар болғаны 180-220 сөз. Деректер бойынша кітапты дәстүрлі түрде оқыса түсіну деңгейі 60 пайыз, ал жылдам оқуда – 80 пайыз. Облыстық кітапханаға жылына бес мың оқырман тұрақты жазылып, келіп тұрады. Әбеди кітап бөлімінен бөлек ағылшын тілі кабинеті жасақталған. Мұнда шет тілінен тегін шеберлік сағаттар өтеді. Оқушылар мен студенттер үшін көңілді ойындар мен тренингтер ұйымдастырылады.
Облыстық кітапхананың бірінші қабатында каворкинг орталық бар. Мұнда атмосфера ерекше. Қызылды-жазылды тербетілген орындықтар мен интелектуалды ойын алаңдары. Кез келген уақытта балаларға көңілді уақыт өткізу мүмкіндігі бар. Кітап оқу шаралары, шахмат ойындары сонымен бірге кино кештер де ұйымдастырылады. Сенбі, жексенбі күндері де есігі жабылмайтын кітапхананың тұрақты оқырмандарының арасында зейнеткерлер де көп. Оқуға құштар адамның жасына шектеу жоқ. Тек кітаптарды бүлдірмей, дер кезінде тапсырсаңыз болды.
Количество показов: 1062
Дата создания: 09.08.2019 18:37:38
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>