Көшедегі бейнекамераға түсіп қалған ұрылар дереу ұсталды
Оңай олжаға кенелдік деп ойлаған жігіттердің жолы болмады. Оқиға 11-ші шағын аудандағы кафелердің бірінің маңында болған. Белгісіз адамдар 28 жастағы бойжеткенге тап беріп, сөмкесін тартып алған. Ұрыларды анықтау тәртіп сақшыларына еш қиындық келтірмеді. Жігіттердің сұлбасы көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Ұрылар алысқа ұзамапты. Оқиға болған жерден таяқ тастам жерде қолға түсті. 32 жастағы күдіктінің үстінен іс қозғалып жатыр- қазір. Көшені қоқыс жәшігіне айналдырғандармен күрес жалғасып жатыр. Мобильді топтың көзіне түскендер тиесілі жазасын алып үлгерді. Темекі тұқылын көшеге тастап, шемішкінің қабығымен ластағандардың алды 3 тәулікке жабылды. 32 адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 166 176 теңге айыппұл салынған. Мобильді топ жұмысын жалғастыра береді. Құрамында учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлер бар. Арнайы бейнекамерамен жабдықталған көлік қала көшелерін аралап, қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330-бабына сәйкес, қоғамдық орындарды ластағандарға 3 пен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады. |
Количество показов: 2141
Дата создания: 04.03.2013 19:17:53